Хореография академиясында Конституцияға өзгеріс енгізу туралы талқылау өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкіл халықтық талқылау туралы ғылыми кеңес отырысын өткізді.
«Ғылыми кеңес отырысын Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры - Алтынай Асылмұратова ашты. Ректор Елбасы ұсынған жаңа саяси реформаның мемлекет болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, демократиялық даму жолындағы тарихи шешім болатынына ерекше тоқталды», - деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Отырыста, академияның заң бөлімі басшысы - Поладбек Мусин, академияның барлық құрылымдық бөлімдерінен 199 адам қатысып талқыланған Қазақстан Республикасы Заңы жобасының шешімін баяндады.
Сондай-ақ, отырыста «Педагогика» факультетінің деканы - Светлана Кокшинова, «Балетмейстерлік» факультетінің деканы - Гүлнара Саитова, «Концертмейстерлік шеберлік және музыка теориясы» кафедрасының меңгерушісі - Тойған Ізім талқылауға қатысты өз пікірлерін ұсынды.
- «Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- 25 млн теңгені жымқырған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері мен есепшісі сотталды
- Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
-
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
-
«Едіге» жыры әлемдік өркениеттің музыкалық мұрасына қосылуы керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам