Honda АҚШ-та 2,2 млн көлігінің қауіпсіздік жастығын ауыстырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Takata компаниясы шығарған қауіпсіздік жастығының ақауына байланысты 2,23 млн Honda көлігі кері қайтарылады.

Honda көлігінен басқа, Takata қауіпсіздік жастығы Ford, Mazda, Volkswagen, Audi және Mercedes-Benz көліктеріне орнатылған. Аталған көлік брендтерінің америкалық нарықтағы 24 миллионы кері қайтарылады. Еске сала кетсек, кемшілігі бар Takata қауіпсіздік қапшығы жарылып 11 адам қаза тауып, 139 адам жарақат алған болатын.

Honda-ның ақаулы жастығын ауыстыру үшін автоны өндірушіге жеткізу қажеттілігі туралы көлік иесіне электронды хат жіберіледі. Хабарлама оларға 60 күн ішінде барады. Қапшықты ауыстыру тегін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар