Хоккейші Талғат Жайлауов «Барыспен» сынақ келісімшартын жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шабуылшы Талғат Жайлауов «Барыс» хоккей клубымен сынақ келісімшартын жасасты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі елордалық ұжым сапында он жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Мұндай көрсеткішпен тек Роман Старченко мен Роман Савченко ғана мақтана алады. Осы кезең барысында 33 жастағы хоккейші Құрлық хоккей лигасында 415 кездесу өткізіп, 180 ұпай жинаған (75+105). 2014 жылы Талғат ҚХЛ Жұлдыздар матчына да қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар