Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 6 қаңтары арасында Канаданың Ванкувер мен Виктория қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатының Жоғарғы дивизионы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания.

Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жастар арасындағы Әлем чемпионатынтрансляциялау құқығына ие болды. Аталған матчты «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ-пен кездеседі.

Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, Жоғарғы дивизионға жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар