Хоккейден Президент кубогында «Барыс» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының екінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық «Барыс» бұл жолы «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездесті.

Ойын барысында елордалық клуб сапынан Михаил Рахманов - 26, Линден Вей - 49, Дінмақхамед Қайыржан 51-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:0 есебімен сүріндірді.

Бүгін тағы бір кездесуде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасы «Автомобилист» (Екатеринбург) клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 16 тамызда «Металлург» «Нефтехимик» командасынан 4:1 есебімен басым түсті.

Ал «Барыс» овертаймда «Автомобилистке» 3:4 есебімен есе жіберді.

Енді 19 тамызда «Барыс» пен «Металлург», «Автомобилист» пен «Нефтехимик» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар