+7 (701) 759 90 19
1
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Хоккейден Президент кубогы биыл өткізілмейді

2020 жылғы 14 шілде 18:27
Бөлісіңіз:
Хоккейден Президент кубогы биыл өткізілмейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы биыл өткізілмейді. Бұл жөнінде «Барыс» командасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: жаңа маусымның қашан басталатыны белгілі болды ҚХЛ: Елордалық «Барыс» жаңа маусымды Латвияда бастайды Хоккей: «Барыс» оқу-жаттығу жиынын бастады

Аталған турнир 7-11 тамыз күндері өтуі тиіс еді. Оған елордалық «Барыстан» өзге Оңтүстік Корея құрамасы, Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) және Беларусьтың «Динамо» (Минск) командаларының қатысуы жоспарланған болатын.

Ел Үкіметінің шешімімен карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Осыған орай «Барыс» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын 3 тамыздан кейінге шегеру туралы ұйғарымға келді. Ал жылма-жыл ұйымдастырылып жүрген Қазақстан Президенті кубогын өткізілмейтін болды.

Естеріңізге сала кетелік, аталған дүбірлі дода 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Турнирде «Барыс» 2010, 2011, 2013, 2015 жылдарда чемпион атанды. Сондай-ақ, Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Авангард» (Омбы), «Металлург» (Новокузнецк), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Амур» (Хабаровск) клубтары әр жылдарда жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT