Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін Норвегиямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 сәуірде Словакияның Пьештини қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионда А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Дания, Словакия, Франция және Жапония.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкерлері дүбірлі додаға қатысатын 23 хоккейшінің тізімін жариялады.

Қақпашылар: Владимир Никитин, Дармен Габдуллин, Артем Шестаков (барлығы – «Барыс»).

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Дмитрий Бреус, Никита Селезнев, Семен Роев, Аслан Жүсіпбеков (барлығы – «Барыс»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Игорь Пономарев («Қыран», Қарағанды).

Шабуылшылар: Роман Ермак, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Даниил Свинтальский, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Асанәли Русланұлы, Семен Симонов, Илья Шапоров, Әділ Бейсембаев, Темірлан Китаров, Денис Леута, Александр Фокин (барлығы – «Барыс»).

Еліміздің жасөспірімдер құрамасына Сергей Старыгин бапкерлік жасайды.

Қазақстандық хоккейшілер бүгін алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді.


Соңғы жаңалықтар