USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Хоккейден Қазақстан құрамасы ТОП-дивизионға ене алмады

2017 жылғы 29 сәуір 03:40
Бөлісіңіз:
Хоккейден Қазақстан құрамасы ТОП-дивизионға ене алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы соңғы матчында мұз айдынында Оңтүстік Корея мен Украинаның командалары кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші жиырма минутта шайбалар соғылмады. Екіншісінде командалар голдармен алмасты, ал үшінші жиырма минут тағы бір қалыпты өтті. Овертайм нәтиже әкелмеді, ал буллиттер сериясында кәрістер мықтырақ болды - 2:1.

Осылайша, кестенің бірінші орнына 12 ұпайы бар Австрия орналасты.Оңтүстік Корея құрамасы 11 ұпай иеленіп, екінші орынға жайғасты. Қазақстанның да осынша ұпайы бар. Бірақ, кәрістер жеке кездесудегі жеңістің арқасында бір саты жоғары тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT