10:24, 29 Тамыз 2022 | GMT +6
Хоккейден Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдын ала раунд қорытындысы бойынша жарысты жалғастыратын командалар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Q1 – «Арлан» (топта бірінші орын, 6 ұпай)
Q2 – «Сарыарқа» (топта бірінші орын, 5 ұпай)
Q3 – «Ертіс» (топта бірінші орын, 4 ұпай)
Q4 – «Горняк» (топта екінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздігі, 5 ұпай)
Жартылай финал ойындары 31 тамызда «Барыс-Аренада» өтеді.
14:00 «Арлан» - «Горняк»
19:00 «Сарыарқа» - «Ертіс»