Хоккейден Қазақстан чемпионатына алғаш рет шетелдік клуб қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Хоккей федерациясы 2019-2020 маусымында «Шердор» (Sherdor) самарқандтық клубтың Қазақстан Республикасы ашық чемпионатына (ҚРАЧ) қатысуға өтініш берді, деп хабарлайды SPORTINFORM ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяу уақытта ҚХФ пен ӨХФ екі елдің хоккей ұйымдары арасында келісім жасау және Самарқанд командасын ҚРАЧ қатысушылар құрамына қосу мәселелерін талқылау үшін бірқатар кездесулер өткізеді. Алғашқы шетелдік команданың өнер көрсетуіне қатысты чемпионаттың ережесіне өзгерістер енеді.

Сондай-ақ, Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері «Шердор» аренасына инспекция жүргізеді. Өзбекстандық әріптестердің айтуынша, «Самарқан Арена» 2019 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар