Хоккейден Бірінші арна кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының Бірінші арна кубогына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, халықаралық турнир 15-18 желтоқсан аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтеді. Онда қазақстандық хоккейшілер Ресей және Беларусь құрамасымен сынға түседі.

Сондай-ақ, 3х3 жүйесі бойынша турнирде бақ сынайды.

Қазақстандық хоккейшілер 12 желтоқсанда Мәскеу қаласына аттанады. Құрама сапында барлығы 27 хоккейші бар. Оның 24-і ойыншылар болса, 3-і қақпашы.

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Юргис Дубинскас («Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Егор Шалапов (барлығы - «Барыс»), Леонид Метальников («Адмирал»), Алексей Маклюков, Валерий Орехов (екеуі - «Металлург», Ресей), Эмиль Нұрғалиев («Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Антон Сагадеев, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков, Дмитрий Шевченко (барлығы - «Барыс») Павел Акользин («Металлург», Ресей), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Арлан»), Максим Мухаметов («Номад»), Кирилл Панюков («Ак Барс», Ресей), Роман Старченко («Спартак», Ресей).

Фото: icehockey.kz
Соңғы жаңалықтар