Хоккейден «Барыс» командасының бапкерлер құрамы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» командасының бапкерлер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен маусым айында команданың бас бапкері қызметіне беларусь маманы Андрей Скабелка тағайындалған болатын.

Өз кезегінде А.Скабелка команданың бапкерлер штабында қызмет атқаруға келесі мамандарға сенім артып отыр – Игорь Матушкин бас бапкердің көмекшісі болса, Фёдор Полищук шабуыл, Владимир Копать қорғаныс, Александр Шимин қақпа шебіндегі ойыншыларға бапкерлік жасайды. Кирилл Легчаков физикалық дайындыққа жауап берсе, Ерлан Сағымбаев ойыншыларды дамыту бағытында қызмет атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі жарияланды. Биыл 12-ші мәрте жалауын көтеретін жарысқа қазақстандық «Барыстан» өзге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады.

Ал қыркүйек айында Құрлықтық хоккей лигасы басталады.Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты 2023 жылдың 26 ақпанына дейін созылады.

Гагарин кубогы 1 наурыз және 29 сәуір аралығында өтеді.










Фото: www.hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар