Хоккейден Әлем чемпионатының алғашқы қатысушысы Нұр-Сұлтанға келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 сәуір, сейсенбі күні Қазақстан астанасына Әлем чемпионатына қатысу үшін Оңтүстік Корея хоккей құрамасы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Джим Пак шәкірттері әлемдік додада 1-дивизионның А тобында өнер көрсетеді. Олар 17:35-те әуежайдан Radisson қонақүйіне жетті.

Автобустан алғаш түскендердің қатарында екі дүркін әлем чемпионы, Стэнли кубогының жеңімпазы Сергей Немчинов болды. Ол Корея құрамасының бапкерлер штабына қосылған.

«Жігіттер алыс сапардан шаршады, әрине. Бірақ әлі-ақ күш жинап алады. Осы Әлем чемпионатына Корея құрамасының барлық мықты ойыншыларын жинадық», - дейді Сергей Немчинов.

Еске сала кетейік, кореялықтар турнир алдында, яғни 26 сәуір күні Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізеді. 29 сәуірде Әлем чемпионатын Венгрияға қарсы ойынмен бастайды.

24 сәуір күні Беларусь құрамасының келуі жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар