Хоккейден әлем чемпионатында овертайм форматы өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2019 жылдан бастап әлем чемпионаттарында овертаймдардың форматын өзгертпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Финалдың ұзақ болмауын талап ететін көптеген себептер бар. Командалардың барлығы да жаңа ойындарға дайындалуы тиіс. Бұдан басқа да біз қарастырған қиындықтар жетерлік», - дейді IIHF үйлестіруші комитетінің басшысы Франц Райндль. 

Енді овертаймдар 3×3 форматында өткізіледі. Топтық кезеңнің ойындарында овертайм бес минутқа созылады, ал плей-офф ойындарында - 10 минут, финалда - 20 минут. Финалды қоспағанда, барлық кездесулерде буллиттер сериясы қарастырылған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы Әлем чемпионаты Словакияның Братислава және Кошице қалаларында 10-26 мамыр аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар