Хоккейден әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсіп қалды. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары алмастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетсек, Италия мен Ұлыбритания өз топтарында сегізінші орынды місе тұтты. Құрамалар қоржынында небәрі бір ұпайдан бар.

Италиялық хоккейшілер соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасына 2:5 есебімен жол берді.

Осылайша олар енді алдағы жылы бірінші дивизионда ойнауға мәжбүр.

Ал 2023 жылы Венгрия мен Словения үздіктер қатарында ойын көрсетеді.

Венгрия бұған дейін топ-дивизионда 2008 және 2016 жылдарда сынға түсті. Екеуінде де соңғы орынды қанағат етіп, қайтадан бірінші дивизионға түсіп қалды.

Словения болса, бұған дейін сегіз мәрте бақ сынады. Әзірге жоғары нәтижесімен көзге түсе қойған жоқ.

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.





Соңғы жаңалықтар