Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстанның жасөспірім қыздары Эстонияны ойсырата жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздар төртінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эстониямен өткен ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық құрама сапынан Александр Животовская - 7, Мадианна Нүсіпова - 11, Медина Кишекеева 15-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде София Зубкова - 21, 29, Анастасия Филимонова - 25, Алина Жакулина 38-минутта гол соқты.

Үшінші кезеңде Александр Животовская 59-минутта тағы бір мәрте қарсылас құрама қақпасынан саңылау тапты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 8:0 есебімен басым түсіп, қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті.

Айта кетсек, ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.

Бұған дейін ҚР хоккейшілері Болгарияны - 8:1, Жаңа Зеландияны - 7:1, Бельгияны 5:3 есебімен жеңген еді.

Қазір турнир кестесінде ел құрамасы 12 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

Қазақстанның хоккейші қыздары енді 2 ақпанда Исландиямен кездеседі.


Фото: dm0qx8t0i9gc9.cloudfront.net


Соңғы жаңалықтар