Хоккейден ӘЧ: Андрей Назаров Қазақстан құрамасына жанкүйер болу үшін Мәскеуден арнайы келмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Андрей Назаров Нұр-Сұлтанға біздің команданың жанкүйері ретінде Әлем чемпионатына ұшып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Мәскеуден Нұр-Сұлтанға келудегі мақсатым - осы турнирде өзімнің бұрынғы командам мен Беларусь құрамасына жанкүйер болу. Бұл құрамалардың негізгі клубтары ҚХЛ-да өнер көрсететінін ескере отырып, элитаның екі жолдамасына қазақстандықтар мен беларусьтар ойнауға лайық екендігін айтқым келеді. Оларға жанкүйер боламыз», - деді Андрей Назаров.

Еске салайық, 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында «А» тобындағы дивизион командалары арасында хоккейден Әлем чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар