Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода 2024 жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польша. Ойындар Острава қаласында болады.

Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары сынға түседі.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер 2023 жылғы әлем чемпионатында элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Соңғы жаңалықтар