Хоккейден ӘЧ-2021: Қазақстан IIHF рейтингісінде жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ригада өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мемлекеттердің жыл сайынғы рейтингін ұсынды. Онда Қазақстан 16-орыннан 13-ке көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан Ұлыбританиямен бірге айтарлықтай прогресс көрсетті. Британия елі де үш позицияға, 19-дан 16-орынға, көтерілді. Тізімнің басында Канада тұр. Бұл ретте, әлем чемпионатының жалпы турнир кестесінде топтық кезеңде төрт жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы 10-орынға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстанның әлемдік рейтингідегі ең жоғары позициясы – 2006 жыл, 11-орын (Турин Олимпиадасы мен элитадағы екі әлем чемпионатынан кейін).

IIHF рейтингі:

1. Канада — 3235 ұпай

2. Финляндия — 3125 ұпай (+1)

3. Ресей — 3050 ұпай (-1)

4. АҚШ — 2945 ұпай (+2)

5. Германия — 2905 ұпай (+2)

6. Чехия — 2895 ұпай (-1)

7. Швеция — 2880 ұпай (-3)

8. Швейцария — 2815 ұпай

9. Словакия — 2670 ұпай

10. Латвия — 2560 ұпай

11. Норвегия — 2490 ұпай

12. Дания — 2470 ұпай

13. Қазақстан — 2365 ұпай (+3)

14. Беларусь — 2320 ұпай (-1)

15. Франция — 2295 ұпай (-1)

16. Ұлыбритания — 2280 ұпай (+3)

17. Италия — 2280 ұпай (-2)

18. Австрия — 2185 ұпай (-1)

19. Оңтүстік Корея — 2140 ұпай (-1)

20. Словения — 2085 ұпай


Соңғы жаңалықтар