Хоккейден ӘЧ-2020: Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Финляндия командасынан Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) өткізіп жатқан виртуалды әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Финляндия құрамаларының матчы әлем чемпионының жеңісімен, 6:3 есебімен аяқталды.

Бұл Қазақстан командасының қатарынан алтыншы ұтылысы.

Бұған дейін біздің хоккейшілер Швейцариядан (2:5), Латвиядан (4:7), Норвегиядан (3:4), АҚШ-тан (3:4) және Ресейден (3:4 ОТ) ұтылған болатын.
Айта кетейік, в иртуалды әлем чемпионатында жеңімпазды жанкүйерлер Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми сайтында дауыс беру арқылы анықтайды.

Негізінде әлем чемпионаты Швейцарияда 8 -24 мамыр аралығында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.



Соңғы жаңалықтар