Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасы таныстырылды

2022 жылғы 4 желтоқсан, 09:16
Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан жастар құрамасының Норвегияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық хоккейшілер IA дивизионында күш сынасады, онда олар Франция, Дания, Норвегия, Венгрия және Словениядан келген қарсыластарымен жастар хоккейінің элиталық дивизионына кіру үшін бәсекеге түседі.

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, Норвегияға ұшар алдында жаттықтырушылар құрамы кеңейтілген құрамды таныстырды, 28 хоккейшінің есімдерін атады.

Қақпашылар: Антон Осокин, Артем Шестаков, Роман Шефер;

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базко, Глеб Решетко, Семен Роев, Климентий Царев, Дмитрий Брюс, Иван Гавриленко, Александр Денисов, Аслан Жүсіпбеков, Кирилл Никитин;

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Семен Симонов, Никита Ситников, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Мұқанов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Валентин Попов, Даниил Свинтальский;

Бас менеджер - Александр Корешков.

Жаттықтырушылар құрамы:

Бас бапкер – Александр Истомин;

Жаттықтырушылар – Илдус Ғабдрахманов, Павел Глотов, Владислав Белан;

Қақпашылардың жаттықтырушысы – Александр Кудрявцев.

Әлем чемпионатына соңғы өтінімге 23 хоккейші кіреді: 20 ойыншы және үш қақпашы.

Фото: sports.kz


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar