Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты топ-дивизионы бойынша Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін В тобындағы ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, аталған дода сол жылдың 13 және 29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі. Онда қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцария, Ресей, Канада, Словакия, Германия және Италия.

Қазақстан құрамасының толықтай ойын кестесі төмендегіше:


14 мамыр. Қазақстан - Дания

15 мамыр. Қазақстан - Ресей

17 мамыр. Швейцария - Қазақстан

19 мамыр. Канада - Қазақстан

20 мамыр. Қазақстан - Словакия

22 мамыр. Қазақстан - Германия

23 мамыр. Қазақстан - Италия


А тобының ойындары Хельсинки қаласында болады.

Ал 2021 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсіп, бесінші орын алды.



Соңғы жаңалықтар