Хоккей: «Сарыарқа» Ариаданы» тас-талқан етіп жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы хоккей лигасының чемпионаты матчы ауқымында Қарағандыда «Сарыарқа» волгалық «Ариаданы» 6:1 есебіімен жеңді.

Алғашқы кезеңде қарағандылық Илья Олонов пен Александр Юксеев қонақтар қақпасына бір-бір шайбадан салды, жедеп жазады Sports.kz.

Екінші жиырма минуттің ішінде сарыарқалық Максим Беляев қарағандылықтардың пайдасына есепті ұлғайтты. Ойынның үшінші бөлігінде Алексей Юксеев, Артем Лихотников және роман Благой бір-бірден волгалықтардың қақпасына шайба түсірді, Ал қонақтардан Александр Рябев бір ғана шайба салды.

24 қаңтарда Қарағандыда «Сарыарқа» Саров қаласының осы аттас командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар