Хоккей: Ресей құрамасының шабуылшысы 4 жылға дисквалификацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Хоккейден Ресей құрамасының және Washington Capitals  ҰХЛ клубының шабуылшысы  Евгений Кузнецов төрт жылға дисквалификацияланды. Оған себеп – допингке қарсы ережені бұзу, деп хабарланды жұма, 23 тамызда Халықаралық хоккей федерациясының  (IIHF) сайтында.

27 жастағы хокейшінің ағзасынан кокайн табылған. Допинг-сынама  әлем чемпионатында 2019 жылы 26 мамырда  алынған. Ол кезде Евгений ресейліктердің құрамасында ойнап, қола жеңіп алған еді.

Дисквалификация мерзімі  төрт жыл, 2023 жылғы 12 маусымда аяқталады, деп көрсетілген IIHF хабарламасында.

2019 жылы хоккейден әлемдік біріншіліктерде  Кузнецов 10 матчта ойнаған. Ресей құрамасы турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Соңғы жаңалықтар