Хоккей: көкшетаулық «Арлан» павлодарлық «Ертісті» басымдықпен ұтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетаулық «Арлан» хоккей клубы өз мұз айдынында павлодардың «Ертіс» командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ойынның алғашқы кезеңінде алаң иелері қонақтардың қақпасына бірден 2 шайба салды. Көзге түскен «Арлан» шабуылшылары Незнамов пен Иванов. Қонақтар тарапынан Копылец мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.

Екінші кезеңде «Арлан» хоккейшілері Потайчук пен Киселев бір бірден шайба салып, есепті одан əрі еселей түсті.

Ал, үшінші, шешуші жиырма минутта қос команда бір бір шайбадан алмасты. Осы ретте арландық Казначеев  көзге түссе, «Ертіс» командасынан  Рахманов  мергендік танытты.

Қорытынды есеп 5:2 айдын иелерінің пайдасына.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 6 наурызында өткен алғашқы ойында «Арлан» хоккейшілері «Ертіс» ойыншыларын 2:1 есебімен ұтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар