Хоккей: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Южный Урал»

None
None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасын қабылдайды.

Соңғы ойында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері «Челметті» (Ресей, Челябі) буллит сериясында жеңіп, екі ұпай олжалаған болатын. Қазір команда барлығы 53 ұпаймен Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 9-шы орында келеді. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Южный Уралда» 54 ұпай бар. Соның арқасында ол 7-ші орынға орналасты. Дегенмен, Өскемен хоккей клубының 4-5 ойынға кем ойнағанын ексерсек, көш басына шығуға әлі де талай мүмкіндік болады. Айта кеткен жөн, Италияның Трентино қаласында өткен қысқы Универсиадаға байланысты «Қазцинк-Торпедоның» ойындары кейінге шегерілген болатын.

Ал Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы дәл қазір Ресейдің Ангарск қаласында жергілікті «Ермак» клубымен ойнап жатыр.

Соңғы жаңалықтар