Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» кезекті қарсыласын сүріндірді

None
None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Челмет» (Ресей, Челябі) командасын буллит сериясында жеңді.

Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Алайда бірінші кезең аяқталғанша, таразы басы теңесті. Екінші кезеңде алаң иелері алға шықты. «Челмет» оған бір шайбамен жауап берсе, кезең соңында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 3:2. Үшінші кезеңде таразы басы тағы да теңесті. Дегенмен, Өскемен қаласының құрамасы 4:3 есебімен алға шыға білді. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, қарсыластар бір шайба соғып үлгерді. Есеп - 4:4. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында Кирил Савицкийдің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс әкелді.

Осы ойыннан кейін Өскемен қаласының хоккей клубы қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, жалпытурнирлік кестеде 9-шы орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар