Хоккей: Қазақстанның жастар құрамасы Канадада 4 матч өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы  Әлем чемпионатына дайындық аясында Канадада бірнеше жолдастық кездесулер өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Қазақстан Хоккей федерациясының мәлімдеуінше, еліміз жастарына Канаданың студенттер ұжымдары қарсылас болады.

Матчтардың барлығы Астана уақытымен 09:00-де басталады.

12 желтоқсан  - Қазақстан - University of Victoria Vikes hockey club

14 желтоқсан  - Қазақстан- Trinity Western University Spartans hockey club

18 желтоқсан  - Қазақстан - All Star Freshmen BCIHL

20 желтоқсан  - Қазақстан - Alberni Bulldogs

Еске сала кетейік, 2019 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионаты биылғы 26 желтоқсаннан келер жылдың 6 қаңтарына дейін Канадада өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан жастары Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ командаларымен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар