Хоккей: Қазақстанның қыздар құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының 1 дивизионында кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz.

Бұл жолы қазақстандық команда 3:1 есебімен қытайлық Тайпейден басым түсті. Қазақстан сапынан Томирис Оспанова, Александра Голотвина және Аружан Кеңесовалар мергендігімен танылды.

Топтық кезеңде Түркия мен Австралияны жеңген қазақстандықтар финалда Корея командасымен кездеседі.

Ақтық кездесу 19 қаңтар күні Астана уақытымен 01:00-де басталмақ.

Соңғы жаңалықтар