Хоккей: Қазақстан жастары Словакияға есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияда шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан жастары Словакиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық жастар Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Финляндия, Швейцария, Швеция және Словакия құрамалары.

Бұдан бұрын қазақстандық құрама Швейцариядан 3:5 есебімен жеңіліп қалған еді. Дегенмен аталмыш кездесу аса тартысты өтті. Қазақстандық жастар ойын барысында екі мәрте таразы басын теңестіргенімен, нәтижесінде қарсыласына жол беріп қойды.

Бүгін де ойын тартысты өрбіді. Екі кезең бойы таблода тең нәтиже жанып тұрды. Алдымен словак хоккейшісі Оливер Окулар 24-минутта есеп ашқан еді. Ал 49-минутта қазақстандық хоккейші Максим Мусоров таразы басын теңестірді. Максим Мусоров осылайша әлем чемпионатындағы өзінің үшінші голының авторы атанды. Дегенмен 58-минутта словак хоккейшісі Даниэль Ткач шайба соғып кетті. Ал 59-минутта словакиялық Роберт Дзоган қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Былтырғы әлем чемпионатында Қазақстан жастары Словакиядан 2:11 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді қазақстандық жастар 29 желтоқсанда Финляндиямен кездессе, 30 желтоқсанда Швеция құрамасымен бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар