+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Хоккей: Қазақстан жастары Германияға есе жіберді

2020 жылғы 2 қаңтар 17:52
Бөлісіңіз:
Хоккей: Қазақстан жастары Германияға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен жұбаныш кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Германия құрамасы былтыр бірінші дивизионда жеңімпаз атанып, жоғары дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алған еді. Неміс хоккейшілері В тобында Канада, АҚШ, Ресей, Чехия құрамаларымен ойнады. Бір кездесуде жеңіске жеткен олар қалғанында қарсыластар ығына жығылды. Өз тобында соңғы орынды місе тұтты.

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында төрт кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарына есе жіберді https://www.inform.kz/kz/hokkey-kazakstan-zhastary-zhogary-divizionda-ornyn-saktap-kala-ma_a3600319. Алдымен Швейцариядан 3:5 есебімен жеңілген қазақстандық хоккейшілер одан кейін Словакиядан 1:3, Финляндиядан 1:7, Швециядан 2:6 есебімен ұтылды.

Бүгінгі кездесуде неміс хоккейшілері Қазақстан жастар құрамасы қақпасына жауапсыз төрт гол соғып кетті. Ойынның 1 және 11-минутында Лукас Райхель және Луис Бруне мергендік танытты. Ал олардың қатарынан 41-минутта Джон Петерка, 51-минутта Доминик Бокка гол соқты. Осылайша Қазақстан жастары жұбаныш кезеңіндегі алғашқы ойынында қарсыласынан 0:4 есебімен жеіліп қалды.

Жұбаныш кезеңіндегі екінші ойын елорда уақытымен 16.00-де басталады. Бұл кездесуде неміс хоккейшілері жеңіске жеткен жағдайда жоғары дивизионда қай құраманың қалатыны толықтай шешіледі. Ал ойындар сериясы теңескен жағдайда тағы бір кездесу 5 қаңтар күні өткізіледі.


Фото: shaiba.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT