Хоккей: Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Болгарияны ірі есеппен жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Болгариядан ірі есеппен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.

Алғашқы кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас құрама қақпасына бес шайба соқты. Екінші кезеңде болгариялық хоккейшілер бір шайба соқса, оған қазақстандықтар тағы үш шайбамен жауап берді.

Нәтижесінде ел құрамасы қарсыласынан 8:1 есебімен басым түсті. Қазақстандық спортшылар қатарынан Анастасия Филимонова үздік ойыншы атанды.

Қазақстан - Болгария 8:1 (5:0, 2:1, 1:0)

1:0 - 01:43 - Филимонова (Войцицкая, Раковская)

2:0 - 02:14 - Зубкова (Хохлова, Нүсіпова)

3:0 - 05:14 - Нүсіпова (Зубкова)

4:0 - 11:30 - Животинская (Пивень, Хохлова)

5:0 - 15:11 - Хохлова (Войцицкая)

5:1 - 23:26 - Руневска

6:1 - 31:40 - Мескини (Зубкова, Кишекеева)

7:1 - 38:13 - Нүсіпова (Зубкова)

8:1 - 53:56 - Тоққожа (Пивень)

Қақпашылар: Агеева - Недялькова

Қазақстандық хоккейшілер енді бүгін, 28 қаңтарда сағат 20:30-да екінші ойынын Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Айта кетсек, 26 қаңтарда өткізуі жоспарланған ойын кейінге шегірілген еді.

Ел құрамасы 29 қаңтарда Бельгия, 31 қаңтарда Эстония, 2 ақпанда Исландиямен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдегер атанды.


Соңғы жаңалықтар