Хоккей: Қазақстан қыздары Голландияға есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қытай астанасы - Бейжің қаласында шайбалы хоккейден қыздар арасында Әлем чемпионатының бірінші дивизионы В тобындағы екінші тур ойындары өтті. Қазақстан құрамасы Голлландиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Голландия қыздары алғашқы болып есеп ашты. Шайба 8-минутта соғылды. Арада үш минуттай өткенде олар есепті үстемелей түсті. Ойынның екінші кезеңінің соңына таман біздің қыздар өарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Оны 38-минутта Татьяна Корлева өзінің еншісіне жазды. Ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда Голландия хоккейшілері тағы бір шайба соғып кетті. Кездесуде біздің хоккейшілер 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша біздің қыздар қатарынан екі ойын қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Бұдан бұрын Қазақстан қыздары кеше Польшадан 3:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бүгін аталмыш топта осы уақытқа дейін бір ойын өтті. Қытай құрамасы Оңтүстік Кореядан 5:2 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, бүгін Латвия мен Польша құрамалары да өзара шеберлік байқасады.

Енді келесі тур ойындары 9 сәуірде болады. Бұл күні Қазақстан мен Латвия, Голландия мен Қытай, Оңтүстік Корея мен Польша құрамалары мұз айдынға шығады.

Соңғы жаңалықтар