Хоккей: Қазақстан құрамасын жеңген Италия қысқы Олимпиадаға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиададан тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық құрама Италиямен шеберлік байқасты. Жеңгені Олимпиадаға берілетін жолдамаға қол жеткізетін еді.

Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық Лариса Свиридова 3-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін екі команда есепті өзгертетін мүмкіндік іздеді.

Дегенмен екінші кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Үшінші кезеңде Италия қатарынан екі гол соғып кетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Турнир кестесінде тоғыз ұпаймен бірінші орын алып, Олимпиаға берілетін жолдамаға қол жеткізді.

Бұдан бұрын Тайваньды 7:1 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін Испаниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейін 2002 жылы сынға түсті. А тобында Канада мен Швециядан - 0:7, Ресейден - 1:4 есебімен жеңілді.

Өз тобында төртінші орын алып, 5-8 орындар үшін шеберлік байқасты. Онда Германиядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен ұтылып, сегізінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар