Хоккей: Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордамыз - Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында жолдастық кездесу өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобында сынға түседі. Аталмыш топтың ойындары 29 сәуірде басталады. Олардың қарсыластары - Беларусь, Литва және Мажарстан құрамалары.

Екі құрама бұған дейін 5 мәрте кездескен. Оның төртеуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Ал 2017 жылы корей хоккейшілері біздің құрамадан бірінші дивизионның А тобындағы кездесуінде 5:2 есебімен басым түсті. Сол жылы олар топ-дивизионға жолдама алды. Дегенмен былтыр үздіктер қатарында ойын көрсеткен Оңтүстік Корея барлық қарсыласынан жеңіліп қалды. Нәтижесінде қайтадан бірінші дивизионға түсті. Ал Қазақстан хоккейшілері топ-дивизионда соңғы мәрте 2016 жылы сынға түскен еді. Біздің құрама топ-дивизионда жалпы сегіз мәрте ойнады.

Бүгін біздің хоккейшілер басым болды. Кездесудің 7-минутында Дастин Бойд есеп ашса, 27-минутта Антон Сагадеев есепті үстемелей түсті. Ал 47-минутта Антон Некряч қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Есеп 3:0. Кездесуде Қазақстан құрамасы дәл осы есеппен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетелік, кеше біздің құрама Беларусьпен жолдастық кездесуде олардан буллиттен жеңіліп қалған еді

Айта кетелік, әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы 29 сәуірде өтетін алғашқы турда Қазақстан Словениямен мұз айдынына шығады. Дәл осы күні Литва мен Беларусь, Оңтүстік Корея мен Мажарстан құрамалары күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар