Хоккей: Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына іріктеу сатысын қашан бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылы Қытай астанасы – Бейжің қаласында өтетін Қысқы Олимпиадаға іріктеу сатысын барлық топтың күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы Н тобында Украина, Польша және Голландия құрамаларымен сынға түседі. Ойындар 6-9 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Аренада» өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер 6 ақпанда Украинамен айдынға шықса, одан кейін 7 ақпанда Голландия, 9 ақпанда Польшамен кездеседі .
Өз тобында қазақстандық хоккейшілер бірінші орын алуы тиіс. Сол арқылы іріктеу кезеңінің финалдық сатысына жолдама алады. Жарыстың аталмыш сатысында қазақстандық хоккейшілер 2020 жылдың 27-30 тамыз аралығында Словакия, Норвегия, Латвиямен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарында екі мәрте бақ сынады. 1998 жылы ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы жалпы есепте тоғызыншы орын алды.
- Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды
- Хоккей: «Барыс» ресейлік «Нефтехимик» командасын жеңді
- Теннисші Александр Недовесов Анталия турнирін сәтті бастады
- Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде бірқатар қазақстандық рингке шығады
-
Шахмат: Чемпиондық тәж сарапқа салынатын турнир Дубайда өтетін болды
-
Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам