Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шыға алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші дивизион арасында Будапеште өткен әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күні қазақстандықтар Польша құрамасын ойсырата жеңгенімен, олардың тағдыры қарсыластарының ойынына байланысты еді.

Алдымен Италия құрамасы Словениямен кездесуде матч аяқталуға небәрі 2 секунд қалғанда жеңіс голын соғып, 4:3 есебімен ұтып кетті. Бұл бәсеке тең аяқталса, Қазақстан элиталық дивизионға шығып тұр еді. Сол сияқты соңғы матч та қазақстандықтардың пайдасына шешілмеді. Венгрия негізгі уақытта Ұлыбританияны жеңсе, жеткілікті еді. Алайда тағы да ойын бітуге санаулы секундтар қалғанда ұлыбританиялықтар есепті теңестірді. Бұл кездесуде буллит сериясында Ұлыбритания құрамасы жеңіске жетті.

Осылайша біріншілік қорытындысында алғашқы екі орынға ие болған Ұлыбритания мен Италия құрамалары элиталық дивизонға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар