Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы буллитте Испаниядан жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде екінші кездесуін Испанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде екі құрама тартысты ойын өткізді.

Негізгі кезеңде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ.

Буллитте испаниялық хоккейшілердің жолы болды.

Осылайша қазақстандық хоккейші қыздар қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Тайваньды 7:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейін 2002 жылы сынға түсті. А тобында Канада мен Швециядан - 0:7, Ресейден - 1:4 есебімен жеңілді.

Өз тобында төртінші орын алып, 5-8 орындар үшін шеберлік байқасты. Онда Германиядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен ұтылып, сегізінші орынды қанағат тұтты.

Енді қазақстандық хоккейшілер 10 қазанда Италиямен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар