Хоккей: Қазақстан әлем чемпионаты топ-дивизион ойындарын өткізуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан алдағы уақытта шайбалы хоккейден әлем чемпионаты топ-дивизионы ойындарын өткізуге өтініш беруіне мүмкіндік бар. Бұл ұсыныс Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының президенті Рене Фазельдің Нұр-Сұлтан қаласында өткізген баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап

Нұр-Сұлтан қаласында 29 сәуір-5 мамыр аралығында шайбалы хоккейден бірінші дивизион А тобының ойындары өткізілді. Онда Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Словения, Мажарстан және Литва құрамалары сынға түсті. Нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь келер жылы топ-дивизионда сынға түсетін болды. Мәртебелі мейман аталмыш турнирдің өткізу деңгейін жоғары бағалады.

Еске сала кетсек, шайбалы хоккейден топ-дивизион құрамалары арасындағы әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл әлемнің үздік хоккей құрамалары Словакияның Братислва және Кошице қалаларында өткізіледі. Ол 2020 жылы - Швейцарияда, 2021 жылы - Беларусь пен Латвияда, 2022 жылы - Финляндияда, 2023 жылы - Ресейде, 2024 жылы - Чехияда, 2025 жылы - Швецияда жалауын көтереді. Біздің еліміз өтініш білдіріп жатқан жағдайда 2026 жылғы дүбірлі доданы өткізу мүмкіндігін жеңіп алуы мүмкін.

Айта кетерлігі, бұл әлем чемпионатын қабылдауға біздің елімізде мүмкіндік бар. Нұр-Сұлтандағы «Барыс-арена» 12 мың жанкүйерді қабылдай алады. Ал былтыр Алматыда дәл сондай арена пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар