Хоккей: Финляндия құрамасы әлем чемпионаты кубогын сындырып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Финляндия құрамасы хоккейден әлем чемпионатының кубогын бүлдіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат финдік "КалПа" хоккей клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Онда фин хоккейшілерінің Хельсинкий әуежайында жеңіп алған кубокпен түскен фотографиясы жарияланған.

Суретте трофейдің түбінен, сондай-ақ металл кірістірмесінен айырылғандығы көрініп тұр.

Еске сала кетсек, Финляндия хоккейден 2019 жылғы әлем чемпионатының Словакияда өткен финалдық матчында Канада командасын 3:1 есебімен жеңген болатын.

Ақтық ойын Братиславадағы Ондрей Непелы аренасында 9085 көрерменнің қатысуымен өтті.

Фин құрамасы осымен өз тарихында үшінші рет әлем чемпионатының алтын медалін иеленді (1995, 2011, 2019). Бұған қоса олардың еншісінде сегіз күміс және үш қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар