Хоккей: Елордадағы халықаралық турнирде Қазақстан жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open-2021 турнирі мәресіне жетті. Бұл ойында Қазақстан және Ресейдің олипиада құрамасы кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойында екі команда турнир жеңімпазын анықтайтын. Алғашқы турда Беларусь құрамасын Қазақстан 5:2 есебімен жеңсе , ресейліктер 4:2 есебімен тізе бүктірді .

Осылайша Қазақстан мен Ресей хоккейшілерінің жеңімпаз атануға мүмкіндігі артты. Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткені чемпиондық атаққа қол жеткізетін.

Бірінші кезеңнің 13-минутында қазақстандық Никита Михайлис мергендік танытты.

Ал екінші кезеңнің 25-минутында ресейлік Илья Морозов таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңнің 53-минутында Никита Михайлис кездесудегі өзінің екінші шайбасын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның екінші құрамасы Беларусьпен көрнекі матч өткізіп, олардан 3:2 есебімен басым түсті.

Олардың жеңісі есептелмейді. Себебі, қазақстандықтар турнирге көрнекі матч өткізу үшін қосылған.



Соңғы жаңалықтар