+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Хоккей: ЦСКА-«Барыс» матчын қайдан көруге болады

2020 жылғы 13 ақпан 11:01
Бөлісіңіз:
Хоккей: ЦСКА-«Барыс» матчын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің ЦСКА командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Барыс»-«Металлург» матчы: Елордалық клуб плей-оффтың 1/2 финалына өте ала ма ҚХЛ: «Барыс» плей-офф сатысын жеңіспен бастады «Барыс» - «Салават Юлаев» матчын қайдан көруге болады

Мәскеу қаласында өтетін ойын екі команда арасындағы 23-і кездесу болмақ. Бұған дейін ресейлік армияшылар 12 мәрте жеңіске жетсе, 6-ауы елордалық клубтың басымдығымен аяқталды.

Турнир кестесінде ЦСКА 56 ойыннан кейін 86 ұпай жинап, бірінші орында тұр. Ал жетінші орынға жайғасқан «Барыстың» еншісінде 75 ұпай бар. Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдаманы ертерек қалтаға басып үлгерді.

Айта кетерлігі, армияшылар соңғы тоғыз кездесудің небәрі біреуінде ғана қарсыласына есе жіберді. «Барыс» командасы да қарқынды ойын көрсетіп келеді. Олар соңғы он ойынның небәрі екеуінде жеңілді. Екі команда биыл бір мәрте кездесіп үлгерді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойында ЦСКА 0:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

ЦСКА мен «Барыс» арасындағы кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан бұрын «Барыс» Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» командасын 4:2 есебімен жеңген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT