+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2021 жылғы 25 ақпан 09:03
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 25 ақпанда елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Канада әйелдер хоккейінен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Ойын астана уақытымен сағат 22.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 10 қыркүйегінде елордада өткен ойында «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен cүріндірді. Одан кейін 30 қазанда елордалық клуб тағы да 3:1 есеппен жеңіп кетсе, 19 желтоқсанда сырт айдында қарсыласын овертаймда 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында да қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда бұған дейін 17 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-інде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Куньлунь Ред Стардың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 46 шайба соқса, өз қақпасына 29 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 4-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 58 ойыннан кейін 67 ұпаймен 11-орында келеді.

Ал «Куньлунь Ред Стар» соңғы 10 ойында 8 рет жеңілді. Турнир кестесінде 58 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, 22-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT