+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2021 жылғы 23 ақпан 09:10
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 ақпанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Барыс» құрлық хоккей лига ойындарына 13 мәрте қатысуда Хоккей: «Барыстың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Ойын астана уақытымен сағат 17.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 16 қазанында Ресейде өткен ойында «Барыс» қарсыласын овертаймда 1:0 есебімен cүріндірді. Одан кейін 23 қазанда елордада ресейлік клуб 3:1 есеппен жеңіп кетсе, 2021 жылдың 12 қаңтарында 4:2 есебімен тағы да басымдық танытты.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында ресейлік клубтың үш мәрте мерейі үстем болды.

Екі команда бұған дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның осегізінде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Ак Барстың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 75 шайба соқса, өз қақпасына 137 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 4-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 66 ұпаймен 12-орында келеді.

Ал «Ак Барс» соңғы 10 ойында 5 рет жеңілді. Турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 87 ұпай жинап, 1-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын елордада «Сибирьге» есе жіберді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT