Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 қаңтарда cырт айдында Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын астана уақытымен сағат 20.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін биылғы турнирде бір мәрте кездесті. 2020 жылдың 6 желтоқсанында елордада өткенде ойында «Барыс» буллиттен 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, «Барыс» бүгінгі қарсыласын жеті ойын қатарынан жеңіп келеді. Соңғы рет «Витязь» қазақстандық клубты 2016 жылдың 2 желтоқсанында Подольскіде овертаймда 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.
«Барыс» соңғы 10 кездесудің 8-інде басымдық танытты. Турнир кестесінде 46 ойыннан кейін 55 ұпаймен 12-орында келеді.
Ал «Витязь» соңғы 10 ойында 5 рет жеңілді. Турнир кестесінде 48 ойыннан кейін 49 ұпай жинап, 17-орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасынан басым түсті.
- Қазақстанның футзалдан құрама командасы УЕФА рейтингісінде үшінші орынға көтерілді
- Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша
- Теннис: Александр Бублик Доха турнирін жеңіспен бастады
- Хоккей: «Барыс» елордада «Металлургтен» басым түсті
-
Фристайл-могул: Юлия Галышева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ қызы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам