+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2021 жылғы 17 қаңтар 13:43
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін өз алаңында «Амур» (Хабаровск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын астана уақытымен сағат 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 26 желтоқсанында елордада өткенде ойында «Барыс» 5:2 есебімен басым түсті. Одан кейін Хабаровскіде 2021 жылдың 4 қаңтарында болған ойында елордалық клуб буллитте 5:4 есебімен тізе бүктірсе, 6 қаңтардағы тағы бір кездесуде ресейлік клуб 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 6-уында басымдық танытты. Турнир кестесінде 43 ойыннан кейін 49 ұпаймен 16-орында келеді.

Ал «Амур» соңғы 10 ойында небәрі 6 рет жеңілді. Турнир кестесінде 48 ойыннан кейін 38 ұпай жинап, 19-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, 14 қаңтарда «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT