+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2021 жылғы 14 қаңтар 02:20
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 14 қаңтарда елордада «Салават Юлаев» (Қазан) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды Хоккей: Әлем чемпионатының финалдық кезеңі Беларусьте өтпейді

Ойын астана уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде екі мәрте кездесті. Уфа қаласында 2020 жылдың 22 қазанында өткен ойында «Барыс» овертаймда 3:2 есебімен басым түссе, 22 қарашада болған кездесуде ресейлік клуб 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Турнир кестесінде 42 ойыннан кейін 49 ұпаймен 16 орында келеді.

Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Турнир кестесінде 46 ойыннан кейін 58 ұпай жинап, 7 орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын 12 қаңтарда елордада Ресейдің «Ак Барс» командасынан жеңіліп қалған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT