+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті

2021 жылғы 23 қаңтар 22:32
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 қаңтарда cырт айдында Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыс» овертаймда «Металлургтан» басым түсті Хоккей: «Барыс» плей-оффтың алғашқы ойынында «Металлургтен» жеңілді «Барыс» құрлық хоккей лига ойындарына 13 мәрте қатысуда

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан ойын тартысты болатыны анық еді. Кездесу барысында «Витязь» командасының белсенділігі айқын аңғарылып тұрды.

Алғашқы голды ресейлік хоккейші Александр Сёмин 6-минутта соғып кетті. Одан кейін «Барыс» хоккейшісі Линус Виделль 8-минутта таразы басын теңестірді. Ал 13-минутта Джастин Дэнфорт «Витязь» командасын қайтадан алға шығарды.

Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Валерий Орехов 24, Даррен Диц 25-минутта гол соғып кетті. Ресейлік клуб хоккейшісі Джастин Дэнфорт 29-минутта қайтадан таразы басын теңестірді.

Ойынның 57-минутында ресейлік Захар Бардаков «Витязь» клубын алға шығарса, 59-минутта елордалық Никита Михайлис таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Барыс» хоккейшісі Джесси Блэкер жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша елордалық клуб қарсыласын 5:4 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, «Барыс» бүгінгі қарсыласын жеті ойын қатарынан жеңіп келеді. Соңғы рет «Витязь» қазақстандық клубты 2016 жылдың 2 желтоқсанында Подольскіде овертаймда 4:2 есебімен тізе бүктірген еді. Нәтижесінде «Барыс» аталған қарсыласынан қатарынан сегізінші мәрте басым түсіп отыр.

«Барыс» енді 26 қаңтарда елордада Реесйдің «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасынан басым түсті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT