Хоккей: «Барыс» ресейлік «Нефтехимик» командасын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 28 қаңтарда елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық хоккейшілер бүгінгі ойында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластарға еркін қимылдауға мүмкіндік берген жоқ. Есепті бірінші кезеңнің 19-минутында «Барыс» хоккейшісі Дмитрий Шевченко ашты.

Екінші кезеңде де қазақстандық команданың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Ойынның 37-минутында Егор Петухов есепті үстемелей түсті. Ал 40-минутта «Барыс» сапынан Якоб Лилья мергендік танытты.

Шешуші соңғы кезеңде де ресейлік хоккейшілер қазақстандық командаға лайықты көрсете алған жоқ. Кезекті шабуылының бірінде 41-минута Якоб Лилья тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеді. Ал 58-минутта ресейлік хоккейші Дэниэл Будаев қорытынды есепте белгіледі. Ойында «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Аталған жеңістен кейін қазақстандық команда турнир кестесінде бұрынңы 12-орынды сақтап қалды.

Енді «Барыс» елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында «Трактордан» жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар