Хоккей: «Барыс» Ресейде «Металлург» командасымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 23 қаңтар r8y3 елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 67 мәрте кездесті. Оның 25-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу бес ойыннан кейін 52 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал елу үш ойыннан кейін 66 ұпай жинаған «Металлург» 8-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Автомобилист» командасынан басым түсті.


Соңғы жаңалықтар